Шаңғы жарысының спринт түрінде бақ сынаған отандастарымыздың нәтижесі қандай?
<p><strong>Бүгін Италиядағы XXV қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы спринт бәсекесі өтті. Ел құрамасы сапында Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина сынға түсті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алғаш болып жарыс жолына шыққан Дарья мәреге 16-ншы болып жетті. Іріктеудің екінші бөлігінде Надежда бақ сынап, Қазақстан қорытынды есепте 17-орын алды. Қос спортшының уақыт көрсеткіші − 7 минут, 14.61 секунд болды.
Осылайша, 26 мемлекеттің командасы арасынан 15-і финалға шықты. «Тезаро» шаңғы стадионындағы финал бүгін сағат 15:45-те басталады.
Санаулы сəттен кейін ерлер командасы арасында да іріктеу өтеді. Мұнда ел намысын Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков қорғайды.
Айта кетейік, бүгін фристайл-акробатика, шорт-трек бәсекелерінде де отандастарымыз жарыс жолына шығады.
Кешегі жарыс күнінде Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 68,47 ұпаймен жеке рекордын жаңартты.
Ал қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады.