Банк
2 мин оқу 10

Сауалнама нәтижесі: 2025 жылы дайын өнімге сұраныс артқан

2025 жылғы IV тоқсанда экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар арасында жүргізілген конъюнктуралық сауалнама нәтижелері жарияланды. Бұл туралы Ұлттық банк ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауалнама нәтижесі: 2025 жылы дайын өнімге сұраныс артқан

Зерттеу қорытындысына сәйкес, есепті кезеңде көптеген салада дайын өнімге деген сұраныс артқан. Ал 2026 жылдың I тоқсанында кәсіпорындардың басым бөлігі өз өнімдеріне сұраныс одан әрі өседі деп күтеді.

Баға динамикасына келсек, IV тоқсанда дайын өнімнің, сондай-ақ шикізат пен материалдардың бағасы бірқатар салада бәсеңдеген. 2026 жылдың алғашқы тоқсанында да салалардың едәуір бөлігінде баға өсімінің баяулауы болжанып отыр.

Сонымен қатар, 2025 жылғы IV тоқсанда бірнеше салада өндіріс көлемінің ұлғайғаны тіркелген. Алдағы тоқсанда барлық дерлік сектор кәсіпорындары шығарылым көлемі арта түсетініне сенім білдіріп жатыр.

Сарапшы: Қазақстан Өзбекстанға қарағанда дайын өнімді көбірек өндіреді

Өндірістік қуаттарды пайдалану деңгейі көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс салаларында артқан. Бұл көрсеткіштің ең жоғары деңгейі тау-кен өндіру өнеркәсібінде сақталып отыр. Есепті кезеңде ең табысты сала ретінде де тау-кен өндірісі аталды.

Тау-кен ісінің дамуына не кедергі?

Айта кетейік, сауалнамаға тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау салаларындағы жалпы саны 2,7 мыңнан астам кәсіпорын қатысқан.

Бөлісу:
Сауалнама нәтижесі: 2025 жылы дайын өнімге сұраныс артқан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар