Оқиға
1 мин оқу 350

Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан

<p><strong>Атырау облысында алимент төлемей жүрген 3 мыңнан астам адам бар. Олардың берешегі 3 млрд теңгеден асып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан

Облыстық Әділет департаментінің бөлім басшысы Ақбөбек Дүсіпқалиеваның дерегіне сүйенсек, жеке сот орындаушыларының қолында алимент өндіруге қатысты 10 мыңнан астам құжат жатыр. Оның ішінде 5 мың іс бойынша борышкерлердің төлемі тікелей жұмыс орнынан ұсталады.

Абай облысында алимент өндіру тетігі күшейді

«Қазір 2 мыңға жуық борышкер алиментті ерікті түрде төлер жүр. Алиментке берешегін мүлдем төлемейтін борышкерлердің саны – 260. Біздің облыста алиментті төлеушілер қатарында 28 әйел бар», дейді Ақбөбек Дүсіпқалиева.

Оралда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды

Борышкерлерді табыс көзімен қамту үшін өңірде 6 рет арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Нәтижесінде 617 борышкер жұмысқа орналасқан. Олардың арасында алимент берешегін төлемеген 542 адам бар.

Бөлісу:
Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар