Қысқы спорт
1 мин оқу 30

Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

<p><strong>Бүгін Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада бағдарламасында отандастарымыз спорттың үш түрі бойынша жүлдеге таласады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Төртжылдықтың басты бәсекесінде бүгін ел намысын қорғайтын спортшылар: 

14:30-да фристайл-акробатика сынының іріктеу кезеңінде ерлер құрамасы бақ сынайды. Олардың қатарында Асан Асылхан, Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов бар. 

Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?

20:30-да конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта Надежда Морозова мен Елизавета Голубаева жүлдеге таласады.

Қысқы Олимпиада: Фристайл-акробатика шебері Аяна Жолдас іріктеуден өте алмады

00:15-те әйелдер арасында шорт-трек жарысының ширек финалдық кезеңі басталады. 1500 қашықтықта Яна Хан мен Ольга Тихонова өнер көрсетеді. 

Қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады.

Бөлісу:
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар