Оқиға
1 мин оқу 10
Петропавлда 21 жастағы жігіт өзіне қол жұмсады
<p>Петропавлда 21 жастағы аниматор өзін өзі атып өлтірді. Ол сүйіктісімен жанжалдасып, кейін өз өмірін қиған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жас жігіт Петропавлда сауда орталығындағы кинотеатрда аниматор болып жұмыс істеген. Қайғылы жағдай кезінде үйінде анасы болған.
Жергілікті полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«18 ақпанда Петропавлда 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», делінген Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу: