Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
<p><strong>Елордада 21 және 22 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен ел өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер мен жаңа піскен тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.
Өңірлерде инфляция баяулағанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар қымбаттай түсті
Іс-шара демалыс күндері 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.
Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орын маңынан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды.