Оқиға
1 мин оқу 20

Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр

<p>Елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Н.Гастелло көшесі бойында орналасқан екі қабатты ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өртке қарсы қызмет жоғары ранг бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Бірінші өрт сөндіру жасақтары келген кезде ғимарат шатырының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

«Өртті сөндіру штабы ұйымдастырылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеп жатыр. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт оқшауланды. Қауіпсіз қашықтыққа 8 газ баллон шығарылды.

Бөлісу:
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар