СҚО-да боранға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды
<p>Солтүстік Қазақстан облысында сенбі-жексенбі және дүйсенбі таңертең қатты боран болып, көлік қозғалысы қиындап кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Боранға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды. Осындай жағдайда полиция көлік қозғалысын колонналармен жүруді ұйымдастырды. Арты мен алдында жүрген патрульдік автомобильдер жылдамдықты 80 км/сағаттан асырмауды және бір-бірінен басып озбауды талап етіп отырды.
Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні СҚО аумағында полицейлер 600-ден астам жеңіл автокөлікті осылай, колоннамен алып жүрді. Қолайсыз ауа райы кезеңінде республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ.
Ақпанның ақтүтек бораны: Еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады