Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
<p><strong>Өңір диқандары аталған жұмыстар үшін барлық қажетті тауарлық және материалдық қажеттіліктермен қамтылған. Бұл туралы Үкімет отырысында Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев баяндады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Аймақ әкімі қажетті 58 мың тонна тұқым толығымен дайындалғанын атап өтті. Өңірде минералды тыңайтқыштарды енгізуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл 109,7 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарланып жатыр.
Ал, егу-жинау жұмыстарын жүргізу үшін шаруалардың өтінімдеріне сәйкес 25,1 мың тонна дизель отыны дайындалған.
«Көктемгі дала жұмыстарына 10,7 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылуға дайын. 2026 жылы «Кең дала-2» бағдарламасы арқылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 7 млрд теңге қарастырылды. Бүгінде 101 шаруаға 2,8 млрд теңге 5%-дық несие берілді», деді Ербол Карашөкеев.
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді