Қоғам
1 мин оқу 90

Үшем өмірге келді

<p style="text-align: left;">Былтыр мұнайлы өңірде 13 906 сәбидің дүниеге келгені тіркелген еді. Биылғы жылдың алғашқы таңында олардың қатары 30 нәрестемен толықты. Ал жақында үшем өмірге келді.</p>

Үшем өмірге келді

Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының дерегіне қарағанда, үшемнің әке-шешесі Мақат ауданында тұрады. Үш бұрымдыны жүктіліктің 35-аптасында босанған.

– Ата-ана үшін де, медицина саласындағы қызметкерлер үшін де үшемнің өмірге келуі – ерекше оқиға. Алайда Аты­рау облысында үшем сирек кездеседі. Биылғы үшемнің ата-анасы бұрыннан екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Дүние есігін енді ашқан нәрестелерін Қымбат, Сымбат, Қарақат есімімен атады. Үшемнің салмағы бірдей емес. Бірі – 1 921, екіншісі – 2 275, ал үшіншісі – 2 204 грамм. Бойлары 44–45 см аралығын құрады, – деп хабарлады басқарма басшысының орынбасары Әлия Жанғалиева.

Үшемнің анасы Әселхан Кеңесованың айтуынша, өзінің де, күйеуінің де әулетінде егіздер болған. Дәрігерлер үшемнің өмірге келетінін алдын ала ескертіпті.

– Бұл хабарды естігенде қуандық әрі қобалжыдық. Дегенмен бір күнде көпбалалы отбасы атандық. Дәрігерлер үшем­нің аман-есен өмірге келуіне жан-жақты қолдау көрсетті, – дейді Ә.Кеңесова.

Атырау облысы

Бөлісу:
Үшем өмірге келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар