Сирек кадр: Алматы қорығында аландар көзге түсті
<p><strong>Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ірі шатқалдарына орнатылған фототұзақтарға қар барысының аландары түскен мәліметтері жиналды. Сирек кездесетін бұл кадрлар – табиғаттың тылсым тіршілігінен сыр шертетін ерекше сәттер, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының мәліметінше, аландар бір-бірімен алаңсыз ойнап, анасының қимылын қайталап, аңшылыққа қажет дағдыларды үйренеді. Осы арқылы болашақта өз бетімен жеке тіршілік етуге бейімделеді.
Айта кетейік, Ілбіс немесе қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, саны азайып бара жатқан жыртқыш. Оның аландарымен бірге фототұзаққа түсуі қорық аумағында жабайы табиғи ортаның сақталғанын және жануарларға қолайлы жағдай жасалғанын аңғартады.