Спорт
1 мин оқу 20
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
<p><strong>Семсерлесуден жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты Индонезияның Джакарта шаһарында өтіп жатыр. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының өкілі жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Сары құрлық бәсекесінде отандасымыз С. Актаева рапирамен семсерлесуден жартылай финалға дейін жетті.
Оның финалға шығу үшін кездескен қарсыласы қытайлық Чжу Линьлинь болды. Өзара мықтыны анықтау тұрғысында тартысқа толы болған сайыста Қытай спортшысы 14:15 есебімен ұтты.
Осылайша София Актаева жеңіс тұғырының үшінші сатысына шығып, оған қола жүлде тағылды.
Тарихи жетістік: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Бөлісу: