Ауа райы
1 мин оқу 20

Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады

<div class="description">2026 жылғы 27 ақпан, жұма күніне арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды синоптиктер ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет дерегінше, түнде республиканың екі өңірінде қатты аяз күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -40°С-қа дейін, Қарағанды облысының шығысында -35°С-қа дейін аяз күтіледі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады. Соның әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Ал оңтүстік өңірлерде, сондай-ақ елдің орталығы мен шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түседі, оңтүстік өңірлерде кей уақытта нөсерлі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ пен боран болжанып отыр.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел екпіні кей уақытта 25-28 м/с-қа дейін жетеді.

Бөлісу:
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар