Футбол
1 мин оқу 20

«Тобыл» Суперкубок иегері атанды

<p>28 ақпанда &laquo;Астана Арена&raquo; стадионында футболдан маусымашар дода Қазақстан Суперкубогының финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Тобыл» Суперкубок иегері атанды

Алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» арасындағы матч нағыз тартысқа толы болды.  Жеңімпаз тек пенальти сериясында анықталды.

Ойынның 6-минутында-ақ «Тобыл» сапынан Л. Герра есеп ашып, командасын алға шығарды. Алайда, «Қайрат» көп ұзамай 20-минутта Мрынский таразы басын теңестірді (1:1). 26-минута Қайраттың жаңа ойыншысы Оксанен командасын алға шығарды.

Екінші таймның соңына дейін «Қайрат» басымдықты ұстап тұрғанымен, 89-минутта «Тобылдың» капитаны Асхат Тағыберген айып добынан әдемі соққысымен есепті теңестіріп (2:2), ойынды пенальти сериясына ұластырды.

Пенальти сериясы кезінде қостанайлық клубтың футболшылары асқан дәлдік танытты. Пенальти сериясы 4:5 есебімен «Тобылдың» пайдасына аяқталды.

«Тұран» футбол клубы сатылымға шығарылды

Осылайша, «Тобыл» футбол клубы 2026 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. 

Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды

Бөлісу:
«Тобыл» Суперкубок иегері атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар