Иран шетелдік студенттердің елден шығу тәртібін жеңілдетті
<p>Ирандағы шетелдік студенттер енді елден арнайы рұқсат құжаттарын рәсімдемей-ақ кез келген құрлықтық шекара арқылы шыға алады. Қазіргі уақытта елде шамамен 60 мыңға жуық шетелдік студент білім алып жүр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Иран Білім министрлігінің хабарлауынша, студенттерге паспортқа стандартты белгі қойдырмай-ақ елден шығуға мүмкіндік берілген. Бұл олардың отанына жедел оралуына немесе қауіпсіз аймаққа көшуіне жағдай жасайды.
Сонымен қатар жоғары оқу орындары студенттерге елден кетуді ұйымдастыруда жан-жақты қолдау көрсетуге міндетті. Университеттер өзгерістер туралы дер кезінде ақпарат беріп, қорытынды емтихандар мен диплом қорғау мерзімдерін кейінге шегеруі тиіс.
Kaspi.kz Таяу Шығыста қалған отандастарымызға қаржылай көмек көрсетеді