Өнер
1 мин оқу 20

Көне сарын күмбірі

<p style="text-align: left;">Роза Бағланова атын&shy;дағы &laquo;Қазақконцерт&raquo; мем&shy;лекеттік акаде&shy;мия&shy;лық концерттік ұйымы сахнасында &laquo;Astana sazy&raquo; қа&shy;зақ мемлекеттік фоль&shy;к&shy;лорлық ансамблі &laquo;Ас&shy;паптар шеруі&raquo; атты жеке концертін өткізді.</p>

Көне сарын күмбірі

Еліміздің жетекші шы­ғар­машылық ұжым­дары­ның бірі саналатын ансамбль көрерменге ерекше кон­церттік бағ­дарлама ұсынды. Кеш барысында тың­дарман қазақ дәстүрлі музы­­ка­сының алуан түрлі ком­позицияларымен таны­сып, фольк, этно-джаз, этно-панк және заманауи бағыт­тар­дың үйлесім тапқан әсерлі музыкалық кештің куәсі болды. Бағдарлама ұлттық музыка өнерінің үздік туынды­ларын – күй, ән, би және олардың заманауи интерпре­тацияла­рын қамтыды.

Концертке Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Ерболат Шалдыбеков, «Да­рын» мемлекеттік жас­тар сый­лығының лауреаты Әділ­хан Макин, сон­дай-ақ рес­публикалық және халық­ара­лық байқаулардың лауреаттары Заңғар Мүбәраков, Жанту Дадабаев, Аққанат Смағұлова, Жасұлан Кәрім қатысты.

су

«Astana sazy» қазақ мем­лекеттік фольклорлық ан­самблі – қазақ халық шығармашылығының дамуына және дәріп­телуіне зор үлес қосып жүрген өнер ұжым­дарының бірі. Фоль­клорлық ансамбль музыканттары көрерменді домбыра, қо­быз, шертер, шаңқобыз, сазсыр­най, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау және бас­қа да халық музыкалық аспап­тарының үнімен таныстырып келеді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Нұркен Якияев.

Өнер ұжымының репертуары түрлі халықтардың дәс­түрлі аспаптық музыкасына, сон­дай-ақ заманауи авторлық шы­ғармаларға бай. Ұжым әртіс­тері Тәжікстан, Өзбекстан, Қыр­ғызстан, Таяу Шығыс пен Орта Азия елдерінде өнер көр­сетіп, халықаралық мәдени іс-шараларға белсенді қатысып келеді.

Бөлісу:
Көне сарын күмбірі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар