Көрме
2 мин оқу 80

Кенептегі ғасырлар сыры

<p style="text-align: left;">Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде сурет&shy;ші-монументалист, график, кес&shy;кіндемеші әрі сәндік-қол&shy;дан&shy;балы өнерде өз өрнегін қалып&shy;тастырған шебер Қами Айт&shy;қалиевтің &laquo;Сан ғасырлық сарын&raquo; атты көрмесі есік ашты.</p>

Кенептегі ғасырлар сыры

Экспозицияда бір­неше жанрды ер­кін меңгерген өнер иесінің көпжылдық шы­ғармашылық жолынан сыр шертіп, көркем қол­таң­басын көрсететін 60-тан аса туынды ұсынылды. Шек­теуге бағынбайтын шебер суретші өз шығармаларында дәстүр мен жаңа­шылдықты үйлестіре отырып, кеңіс­тік пен форманы тәжірибе ар­қылы зерттейді. Түс пен композиция көрерменнің эмоционалды қабылдауын оятуға талпынады.

Қами Айтқалиевтің шы­ғар­ма­шылығы тынымсыз ізденіске толы. Автор құ­рақ құрау, ши тоқу, жүн өң­деу секілді дәстүрлі қазақ қол­өнері әдістерін заманауи тұрғыда қолданады. Бұл тәсілдер ұлттық мәде­ниет­тің терең тамырынан қуат алып, жаңа форма мен мазмұнға жол ашады. Осы арқылы оның туын­ды­лары қазақ сән­дік-қолдан­балы өнерін жаңаша серпін­мен жандандырып, өткен мен бүгінді байланыстырады. Бұл оның «Аңыз ана» (2024), «Жаңбырдан ке­йін» (2024), «Күту» (2024), «Аң­шы­лар» (2023) атты шы­ғар­маларында айқын көрініс тап­қан. Әр жұмысында ав­тор табиғатпен, дәс­түр­мен және адамның ішкі әле­­мімен үндескен ойлар мен сезімдерді шебер жет­кі­зіп, көрерменді жаңа көз­қа­расқа жетелейді. Көңіл бау­раған кескіндер тек қол­өнер­дің ғана емес, сонымен қатар философиялық ой мен мә­дениеттің кең өрісін ашады.

с

«Суретші кескіндеме жан­рында да өзіндік шығар­машылық тілін қалып­тас­тырған. Оның жұмыс­тарында монохромды бояу шешімдері, сәндік жә­не монументалдық сипат айқын байқалады. Бұл ерек­шелік Айтқалиевтің ішкі көркемдік қажет­тілі­гі­нен туындап, кеңістік­пен үй­лесімді компози­ция­лық құрылым құруға ба­ғыт­талған», дейді көрме жетек­шісі Ақбота Алимхожина.

в

Суретшінің графикалық мәнерде орындаған бірегей туындылары да көрме тө­рінен орын алған. Бұл шы­ғар­малар автордың плас­ти­калық ойлау жүйесін, сызық пен ырғаққа негізделген із­де­­ніс­терін айқындай түскен.

с

Шығар­машылығы ұлт­тық болмысты, тарихи жады мен заманауи көркемдік ізденістерді үйлестірген суретші биыл 80 жасқа толып отыр. Қазақ бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген шеберге зор табыс тілейміз.

АЛМАТЫ 

Бөлісу: