Аймақтар
2 мин оқу 0

Өрт қаупін азайтқан жүйе

<p style="text-align: left;">Алматы облысында табиғи өрттің алдын алу, оларды жою бағытында заманауи цифрлық шешімдер кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Соның бірі &ndash; интеллектуалды бейнемониторинг жүйесі. Жүйе жоғары тиімділігін көрсетіп, орман өрттерінің қаупін 14 есе қысқартуға мүмкіндік туғызып отыр.</p>

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Цифрлық мониторинг жүйесі Мемлекет басшысының 2023 жылғы 11 маусымдағы тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде облыстың бес орман шаруашылығында – Бақанас, Қаскелең, Күрті, Шелек, Қарадала аумақтарында 18 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған.

Жүйеге қосылған заманауи бейнекамералар тәулік бойы өрт қаупі жоғары аймақ­тарды бақылап, түтін мен от тұтану ошақтарын ерте кезеңде анықтайды. Ақпарат нақты уақыт режімінде жедел қызметтерге жеткізіліп, қауіп­тің алдын алуға, өрттің тара­луына жол бермеуге мүм­кіндік береді.

Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, қабылданған шаралар айтарлықтай нәтиже берген. 2022 жылы орман өрт­тері шарпыған аумақ 784 гектардан асса, өткен жылы бұл көрсеткіш 53 гектарға дейін қысқарған. Бұл – шамамен 14 есе аз. Мамандардың айтуынша, бейнемониторинг жүйесі ерте анықтау мен жедел әре­кет ету тиімділігін одан әрі арттырады.

Өрттің алдын алу шаралары орманды қалпына келтіру жұмыстарымен де тығыз байланысты. 2021–2025 жылдарға арналған 2 млрд ағаш отыр­ғы­­зу жөніндегі ұлттық жоба аясында Алматы облысында 43,7 млн ағаш отырғызылып, 19,8 мың га аумақ қамтылды. Орман отырғызу, тұқым себу жұ­мыстары 100%-ға орындал­ды. Алдағы жылдары бұл жұ­мыс жалғасын табады. Өңір­де қосымша 8,9 млн ағаш отыр­ғызылып, 4 мың га жер көгал­дан­дырылады.

Жаңа технологияларды ен­гізу мен ауқымды орман­ды қалпына келтіру жұмыс­та­ры табиғи өрттердің алдын алып қана қоймай, жасыл аймақ­тардың көлемін ұлғай­тып, өңір­дің экологиялық қа­уіп­сіздігін нығайтуға септігін тиігізеді.

Алматы облысы 

Бөлісу:
Өрт қаупін азайтқан жүйе · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар