Аймақтар
1 мин оқу 10
Петропавлда пәтер ұрысы бейнебақылаудың арқасында қолға түсті
<p><strong>Бейнебақылау камераларының көмегімен Петропавлда екі пәтерді бір әдіспен тонаған 55 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қожайындардың үйде болмаған сәтін аңдыған ұры терезені бұзып кірген. Оның соңғы олжасы жарты миллион теңгенің бағалы бұйымдары болған.
Қазір оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында осындай 9 қылмыс тіркеліп, барлығы да ашылған.
Петропавл
Бөлісу: