Оқиға
1 мин оқу 20

Рудныйда екі жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті

<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-sfc-cb="" data-hveid="CAEICRAA" data-complete="true" data-processed="true"><strong>Қостанай облысы Рудный қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында екі жасар бүлдіршінді &laquo;Газель&raquo; автокөлігі қағып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

Рудныйда екі жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жүргізуші аула ішінде көлігін артқа қарай бағыттаған сәтте байқаусызда сәбиді қағып кеткен. Салдарынан екі жасар қыз бала көз жұмды.
Қазіргі таңда Рудный қалалық полициясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап, оқиғаның барлық егжей-текжейін анықтап жатыр.
Ведомство өкілдері жүргізушілерді тұрғын аймақтар мен аула ішінде, әсіресе кері бағытта қозғалу кезінде, барынша қырағы болуға шақырады.
«Балалардың қауіпсіздігі жоғары жауапкершілік пен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды талап етеді», делінген хабарламада.
Бөлісу:
Рудныйда екі жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар