Жануарлар
1 мин оқу 40

Ертістің ен тоғайына түлкі оралды

<p style="text-align: left;">&laquo;Ертіс орманы&raquo; резерватына түлкілер қайта оралып жатыр. Бұдан біраз уақыт бұрын ерекше қорғалатын қарағай алқаптарында түз тағылары көрінбей кеткен екен.</p>

Ертістің ен тоғайына түлкі оралды

Мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында ғылым бөлі­мінің маманы орманда түлкіні фотоға түсіріп алған.

«Түз тағысының қай­та оралуы эко­жүйе­де қолайлы жағдай­лар қалыптасып отыр­ғанын білдіреді. Әрі орман жүйесінің қо­лай­лы жағдайының маңызды көрсеткіші. Бұл жыртқыштар ке­мір­гіштердің санын реттеп, табиғи тепе-тең­дікті сақтауда ерекше рөл атқарады», дейді мекеме мамандары.

Орманшылардың айтуын­­ша, түлкі – ең ақылды әрі бейімделгіш жырт­қыш­тар­­дың бірі. Есту қабілеті өте жақсы жетілген, тіпті қар астын­дағы болмашы сыб­дырдың өзін аң­ғарып, жемтігінің орнын дәл анықтай алады. Қыста терісінің қыл­шықтары бұ­рынғыдан да үлпілдеп, тығыз бола түседі екен. Бұл оны кез келген қақаған аяздан сенімді қорғайды.

Мамандар «Ертіс ор­­манының» жабайы та­биғатының соншалықты бай әрі алуан түрлі екенін, оған тұрғындар ұқыппен, жанашырлықпен қарау маңызды екенін айтады. Бұған дейін орман аумағында аппақ рең­дегі жоңғар атжалманы (Phodopus sungorus) да көзге түскен. Бұл жануар­дың орман алқабында кездесуі де ерекше жайт деп танылып отыр.

Павлодар облысы 

Бөлісу:
Ертістің ен тоғайына түлкі оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар