Референдум
1 мин оқу 20

Жастар ауқымды акцияға қатысты

<p style="text-align: left;">Астанада 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында жаңа Конституцияны қолдауға арналған патриоттық акция өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты &laquo;Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!&raquo; атты Жалпыұлттық коалицияның елордалық филиалына сілтеме жасап.</p>

Жастар ауқымды акцияға қатысты

Оған қала жастарының, волон­терлердің, қо­ғамдық белсенділер мен спортшылардың 1000-нан астам өкілі қатысты.

Акция аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының туын және жаңа Конституцияны қолдайтын туын желбіретіп, рәміздік «белгі қою» бейне­сінде орналасып, алдағы рефе­рендумға қолдау көрсетті.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша түсіндіру іс-шаралары өтіп жатыр.

реф

Бөлісу:
Жастар ауқымды акцияға қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар