Ауа райы
2 мин оқу 30

Қай өңірлерде жол жабық?

<p><strong>&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қай өңірлерде жол жабық?

2026 жылғы 5 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, бірқатар өңірлерде республикалық маңызы бар жол учаскелерінде қозғалыс ашық.

Қозғалыс ашық жолдар

Солтүстік Қазақстан облысы:  

  • Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы;
  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай;
  • Жезқазған – Арқалық – Петропавл;
  • Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – Ресей шекарасы;
  • Қостанай – Мамлютка және басқа да жолдарда көлік қозғалысына рұқсат берілген.

Ақмола облысында:

  • Жезқазған – Арқалық – Петропавл, Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық, Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка бағытындағы бірқатар жол учаскелері ашық.

Қостанай облысында:

  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы;
  • Қостанай – Мамлютка және Қостанай – Әулиекөл – Сұрған бағыттарында қозғалыс рұқсат етілген.

Шектеу енгізілген жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір өңірлерде барлық көлік түрлеріне уақытша шектеу енгізілді.

Ақтөбе облысында:

  • Ақтөбе – Ресей шекарасы (Әлімбет өткізу пункті) жолының 39-136 шақырым аралығы;

  • Ресей шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас бағытындағы жолдың Ақтөбе – Қарабұтақ аралығы жабық.

Жетісу облысында:

  • Үшарал – Достық – Қытай шекарасы автожолының 84-164 шақырымы (Көктұма станциясы – Достық станциясы).

Павлодар облысында:

  • Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы тасжолындағы «Қалқаман» жолайрығында көлік қозғалысы шектелді. Бұл шектеу көпір құрылымының зақымдануына байланысты енгізілген.

Еске сала кетейік, еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Бөлісу:
Қай өңірлерде жол жабық? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар