Спорт
1 мин оқу 40

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемдік рекордты жаңартты

Михаил Шайдоров Миланда Олимпиада тарихындағы ең жоғарғы бағалау көрсеткішіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемдік рекордты жаңартты

Отандасымыз ХХV қысқы Олимпиаданың еркін бағдарламасында үштік аксель – ойлер – төрттік аксель каскадын орындап, элемент үшін – 21,39 ұпай алды. Бұл жаңа төрешілік жүйесі енгізілгеннен бергі Олимпиада ойындарындағы ең жоғары бағаланған секіру элементі болып отыр.

Бұған дейін Олимпиададағы секіру элементі үшін ең жоғары ұпай Нейтан Ченге тиесілі болған. Ол 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасының жеңімпазы атанған.

Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?

Михаил Шайдоров – әлемде үштік аксель – ойлер – төрттік аксель каскадын орындай алатын жалғыз мәнерлеп сырғанаушы. Сонымен қатар, 2024 жылы ол тарихта алғаш рет үштік аксель – төрттік тулуп каскадын сәтті орындаған спортшы ретінде тіркелді.

Айта кетейік, қазіргі төрешілік жүйесі мәнерлеп сырғанауда 20 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Жаңа ережелер бойынша жарыстар алғаш рет 2006 жылғы Турин қысқы Олимпиадасында өтті. Бұған дейін бұл спорт түрінде алты балдық бағалау жүйесі қолданылған.

Мұз айдынындағы жаңа үміт: Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев туралы не білеміз?

Бөлісу:
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемдік рекордты жаңартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар