Әлем
1 мин оқу 50

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты

<p>АҚШ президенті Дональд Трамп&nbsp;<span class="hover:entity-accent entity-underline inline cursor-pointer align-baseline"><span class="whitespace-normal">Иран</span></span>ның келесі жоғарғы көшбасшысын таңдауға жеке қатысқысы келетінін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты

Трамп Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеиді бұл қызметке лайық емес деп санайды. 

Axios басылымына берген сұхбатында АҚШ президенті америкалық тараптың мәліметі бойынша, марқұм болған Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба ең ықтимал мұрагер саналады. Алайда Трамп мұндай нұсқаны қабылдауға болмайды деп есептейтінін жеткізді.

«Олар уақытты босқа жоғалтып жатыр. Хаменеи­дің ұлы – «әлсіз тұлға». Мен тағайындау процесіне қатысуым керек. Хаменеи­дің ұлы мен үшін қолайсыз. Бізге Иранға үйлесім мен бейбітшілік әкелетін адам керек», деді Дональд Трамп.

Сондай-ақ Трамп АҚШ Хаменеи саясатын жалғастыратын көшбасшыны қабылдамайтынын айтты. Оның сөзінше, мұндай саясат «бес жылдан кейін америкалық әскерді қайта соғысқа тартуы мүмкін».

Дональд Трамп Иранға шабуыл жасаудың себептерін атады

Айта кетейік, Сарапшылар ассамблеясы Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеиді елдің келесі рухани әрі саяси жетекшісі етіп таңдаған еді. 

Бөлісу:
Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар