Білім
1 мин оқу 10
Қазақстанның білім беру саласында қанша әйел жұмыс істейді?
<p><strong class="Yjhzub" data-sfc-cb="" data-complete="true" data-processed="true" aria-owns="action-menu-parent-container">Қазақстанның білім беру жүйесінде еңбек етіп жүрген педагогтердің басым көпшілігі – әйелдер. Ресми мәлімет бойынша, еліміздегі мұғалімдердің 81,9%-ы – нәзік жандылар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, білім беру саласында 492 938 педагог-әйел жұмыс істейді:
- 101 789 – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
- 342 352 – орта білім беру ұйымдарында;
- 2 382 – түзету-білім беру ұйымдарында;
- 13 239 – қосымша білім беру ұйымдарында;
- 29 117 – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
- 4 059 – арнайы білім беру ұйымдарында қызмет атқарып жүр.
Президент әлемдегі ең үздік педагогтердің қатарына енген алматылық мұғалімді құттықтады
Бөлісу: