Әлем
1 мин оқу 20

Израиль Бейруттағы қонақүйді соққылады

Бейрут қаласының орталығындағы Ramada қонақүйі ғимаратына Израиль тарапынан жасалған соққы салдарынан кемінде төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Израиль Бейруттағы қонақүйді соққылады

Израиль тарапы шабуылдың нысанасы Ливан астанасында әрекет еткен ирандық командирлер болғанын мәлімдеді.

Бұл соққы өткен аптада Израиль мен «Хезболла» арасындағы қақтығыстар қайта басталғаннан бері Бейруттың дәл орталығына жасалған алғашқы шабуыл болды.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Бейруттағы Рауше ауданында болған соққыдан тағы 10 адам жарақат алған.

Иран неге америкалық және израильдік ұшақтарды атып түсіре алмайды?

Израиль операцияның мақсаты Ислам революциясы сақшылары корпусының элиталық «Кудс» бөлімшесінің негізгі командирлері болғанын хабарлады, алайда олардың есімдері жарияланған жоқ.

40 адам қаза тапты: Израиль Ирандағы мектепке соққы жасады

Басылымның жазуынша, бұл қонақүйде Ливанның оңтүстігіндегі және Бейруттың оңтүстік маңындағы соғыс салдарынан үйлерін тастап кеткен адамдар тұрған. Олардың кейбірі жаңа әуе соққыларынан қауіптеніп ғимараттан кетіп қалған.

Бөлісу:
Израиль Бейруттағы қонақүйді соққылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар