Ауа райы
5 мин оқу 20

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

<p><strong>Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы &laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

2026 жылғы 10 наурыз сағат 08:20-дағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» республикалық автожолының 3-92 шақырымындағы (Қандыағаш – Ембі) учаскесі барлық көлік түрлері үшін қайта ашылды.

Сонымен қатар ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің бірнеше облысындағы бірқатар жол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Ақтөбе облысында:

  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское– Қарабұтақ» автожолының 5-234 км (Қарабұтақ – Қостанай облысының шекарасы);

  • «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 км (Қандыағаш – Ембі) және 92-389 км (Ембі – Ырғыз);

  • «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау– РФ шекарасы» автожолының 104-337 км (Қандыағаш – Атырау облысының шекарасы);

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» жолының 776-965 км (Ақтөбе – Қарабұтақ) және 965-1240 км (Қарабұтақ – Қызылорда облысының шекарасы) учаскелері.

Қызылорда облысында:

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал), 1362-1806 км (Арал – Қызылорда), 1806-2055 км (Қызылорда – Түркістан облысының шекарасы);

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 12-216 км (Қызылорда – Ұлытау облысының шекарасы).

Ұлытау облысында:

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» жолының 216-424 км (Қызылорда облысының шекарасы – Жезқазған) және 433-750 км (Жезқазған – Жаңаарқа);

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 64-137 км (Жезды – Ұлытау ауылы).

Жамбыл облысында:

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» жолының 534-593 км (Айша-бибі – Түркістан облысының шекарасы).

Түркістан облысында:

  • Аталған автожолдың 593-654 км (Жамбыл облысының шекарасы – Машат) және 2055-2095 км (Қызылорда облысының шекарасы – Түркістан) учаскелері.

Батыс Қазақстан облысында:

  • «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» жолының 393-526 км (Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасы).

Атырау облысында:

  • «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 337-346 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).

Қостанай облысында:

  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» жолының 234-385 км (Ақтөбе облысының шекарасы – Денисовка);

  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» жолының 218-232 км (Октябрьский – Ақмола облысының шекарасы);

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377 км (Арқалық – Ақмола облысының шекарасы).

Ақмола облысында:

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» жолының 377-595 км (Қостанай облысының шекарасы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);

  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» жолының 232-260 км (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған);

  • «Көкшетау – Атбасар» автожолының 105-184 км (Балкашино – Атбасар);

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» жолының 135-257 км (Астраханка – Атбасар);

  • «Жақсы – Есіл – Бузулук» жолының 0-82 км (Жақсы – Бузулук).

Солтүстік Қазақстан облысында:

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 595-624 км (Ақмола облысының шекарасы – Дружба ауылы).

Павлодар облысында:

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығында (Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығу) көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды.

Бөлісу:
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар