Түркістанда 3 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті
<p>Түркістан облысының Ақниет ауылында 3 жастағы бала жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан дала дәретханасына құлап кеткен. Оқиғаны байқаған жақындары бірден құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, баланы тұрғындар өз күшімен шығара алмаған. Осыдан кейін оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы жіберілді.
Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен баланы сыртқа шығарып, оны жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырды. Балаға медициналық көмек көрсетілген.
Төтенше жағдайлар қызметі ата-аналарға балаларды тіпті қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертіп, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.