Спорт
1 мин оқу 20
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
<p>Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл жетістікке Ербол Хамитов қол жеткізді. Ол шаңғы жарысында (отырып) спринт бойынша сынға түсіп, үшінші орынды иеленді. Оның финиш уақыты – 2:29.9.
Бірінші орынды Цзысюй Лю (Қытай) жеңіп алды, уақыты 2:28.9 болды, ал екінші орынға Кристиан Вестемайер (Бразилия) шықты – 2:29.6.
Бөлісу: