Шаруашылық
2 мин оқу 40

Қоймаларда картоп жеткілікті

<p style="text-align: left;">Павлодар қоймаларында 50 мың тонна картоп пен 30 мың тонна сәбіз сақталып тұр. Бұл облыс тұрғындарының күзге дейінгі қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады.</p>

Қоймаларда картоп жеткілікті

Қазір облыста жалпы сыйым­ды­лығы 550,9 мың тоннаны құрайтын көкө­ніс  қоймалары жұмыс істейді. Соның ішін­де 133 қойма (483,8 мың тонна) заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, 13 қойма (58 мың тонна) арнайы тоңазытқыш қондыр­ғы­ларымен жабдықталған. Жалпы алғанда, көкөніс сақтау ин­фрақұрылымы жет­кілікті деңгейде дамы­ған.

– Былтыр Павлодар облысында 711,5 мың тонна картоп, 146,6 мың тонна сәбіз жиналды. Өңір тұрғындарына жылына 75,4 мың тонна картоп қажет екенін ескерсек, қам­тамасыз ету деңгейі қажет­тіліктен 11 есе жоғары. Сәбізге деген жылдық қажет­тілік 17,3 мың тонна болса, қамтамасыз етілуі – одан 10 есе көп. Артық өнім сыртқа сатылады. Өткен жылы облыс шаруалары 183,4 мың тонна картопты Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан мен Тәжікстан елдеріне экспорттады. Сондай-ақ Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан бағыттарына 24,5 мың тонна сәбіз жө­нел­тілді. Ал жыл басынан сыртқа 36,7 мың тонна картоп пен 4,6 мың тонна сәбіз жіберілген. Бұл көр­сеткіштер өңірдің экс­порттық әлеуетінің жоға­ры екенін байқатып отыр, –  дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқар­масы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев.

Басқарма дерегінше, қазір жергілікті көкөніс қой­ма­ларында 50,4 мың тонна картоп пен 30 мың тонна сәбіз сақталып тұр. Мамандар бұл облыс халқының жа­ңа өнім алынғанға дейін­­гі қажет­тілігін толық қам­та­масыз етуге жет­кі­лік­ті дейді.

Облыста аталған өнім­дер бойынша көтерме бағалар тұрақты деңгейде сақ­талып тұрғаны бай­қал­ған. Картоптың бір килосы 115-130 теңге аралығында болса, сәбіз – 130-150 теңге.

Атап өтерлігі, алдағы егіс науқанында тұқымға 60,9 мың тонна картоп қа­жет. Аталған көлем қазір­дің өзінде дайын тұр. Ал сәбіз тұқымы көктемгі егіс жұмысының көле­мі­не  қарай сатып алынады.

Павлодар облысы 

Бөлісу:
Қоймаларда картоп жеткілікті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар