15 наурызда елордалықтар автобуспен тегін қатынайды
<p><strong>15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға байланысты Астанада қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Референдум өтетін күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады.
Референдум қарсаңындағы қоғамдық көңіл күй: жаңа Конституцияға пікір қандай?
Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданған.
«Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді», делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.
Қазақстандағы референдумды 38 елден келген 359 байқаушы бақылайды