Аймақтар
1 мин оқу 10

Қарағанды облысында қар құрсауынан 20 адам құтқарылды

<p>Қарағанды облысының Осакаров ауданында облыстық маңызы бар &laquo;Осакаровка &ndash; Нұра&raquo; автожолының жабық учаскесінде 6 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қарағанды облысында қар құрсауынан 20 адам құтқарылды

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары өтімділігі жоғары техниканың көмегімен көліктерде болған 20 адамды, оның ішінде 2 баланы, Осакаровка кентіне жеткізді.

Зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Төтенше жағдайлар министрлігі жолға шығар алдында ауа райы жағдайын және жолдардың жай-күйін ескеру қажет екенін ескертті. Ауа райы нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартқан жөн.

Бөлісу: