Елорда
1 мин оқу 10

Астанадан шығатын барлық бағыт бойынша жол жабылды

<p>Ауа райының нашарлауына байланысты Астана қаласынан республикалық маңызы бар барлық бағыттағы автожолдар көліктің барлық түрі үшін жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Астанадан шығатын барлық бағыт бойынша жол жабылды

Көлік қозғалысына шектеу қойылған бағыттар:

Қарағанды облысы:

2026 жылғы 12 наурыз сағат 01:00-де ауа райының бұзылуына байланысты KAZ15 «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғас» 17–217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан – Қарқаралы қаласына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы:

Сағат 00:00-дегі жағдай бойынша:  «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» 426–587 шақырым аралығы, (Кенжекөл ауылынан– Абай облысының шекарасына дейін).

«Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Курчатов» км 0–220, уч. (Атамекен ауылынан – Абай облысының шекарасына дейін).

KZ 14-04 «Павлодар қаласының айналып өтетін Батыс жолы Мостовой» 0–16 шақырым (Кенжекөл аулынан – Ақсу ауылына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Абай облысы:

KAZ07«КНР шекарасы – Майкапшагай – Зайсан айналма жолы – Калбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» 587–733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасынан – Семей қаласына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Бөлісу:
Астанадан шығатын барлық бағыт бойынша жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар