Референдум
1 мин оқу 30

Референдумға дайындық барысы пысықталды

<p style="text-align: left;">Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстанға республикалық референдумды байқауға келген халықаралық байқау миссияларының басшылары және шетелдік сайлау органдарының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.</p>

Референдумға дайындық барысы пысықталды

Атап айтқанда, ТМД бай­қау­шылар миссиясының атынан ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенко, Қауіпсіздік және ынтымақтастық шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы атынан Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Сот-құқықтық, құ­қық реттеу, қылмыспен күрес және жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл комитет төраға­сының орынбасарымен кездесті.

Сонымен қатар Нұрлан Әбдіров ТҮРКПА Құқық­тық мәселелер және  халық­аралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілі­сінің депутаты, Миссия басшысы Осман Местенмен кездесті.

Сондай-ақ бірқатар шет мемлекеттің сайлау орган­­дары басшыларымен екіжақ­ты кездесулер өтті. Түрік Рес­пуб­ликасы Жоғары сай­лау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер, Албания Респуб­ликасы Сайлау жөніндегі Бас комиссары Илирджан Челибаши, Қырғыз Рес­пуб­ликасының Сайлау және референдум өткізу жөнін­дегі орталық комиссия­сының төрағасы Тынчтык Шай­назаровпен кездесу­лер барысында Нұрлан Әб­діров шетелдік әріптес­терін республикалық референ­думға дайындықтың негізгі бағыттарымен таныстыр­ды. Ол референдум комиссия­лары­ның қызметін ұйым­дас­тыру, дауыс беру учас­ке­лерінің дайындық дең­гейі, азаматтардың конститу­циялық құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған шаралар және ақпараттық жұмыс туралы айтты.

Референдумды байқауға 38 мемлекет пен 11 ха­лық­аралық ұйымнан барлығы 359 байқаушы аккредиттеуден өтті, бұл дауыс беру үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тараптар халық­аралық байқау ұйым­дастыру мәселелерін, миссиялардың жұмыс жағдайлары және референдум комиссияларымен өзара іс-қимылды талқылады. Халықаралық миссиялардың басшылары өз кезегінде байқау іс-шараларының жоспарлары мен форматтары туралы ақпарат ұсынды.

Бөлісу:
Референдумға дайындық барысы пысықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар