Спорт
1 мин оқу 20

Азия чемпионаты: Қазақстан триатлоншылары екі медаль жеңіп алды

<div class="description">Қазақстан құрамасы триатлоннан Гонконгта өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</div>

Азия чемпионаты: Қазақстан триатлоншылары екі медаль жеңіп алды

Қыздар арасындағы жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына Диана Ержанова көтерілді. Спортшы қашықтықты 01:01:59 уақыт нәтижесімен еңсерді.

Екінші орынды Канаде Сугиура (Жапония) иеленді – 01:02:16. Ал Пак Со Ын (Оңтүстік Корея) 01:02:43 уақыт нәтижесімен үшінші болып мәреге жетті.

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы нысана көздеуден 11 медаль жеңіп алды

Ұлдар арасында Рамазан Әйнегов 55:39 уақыт нәтижесімен қола медаль жеңіп алды. Жапониялық Коносуке Учида бірінші орын алды – 55:22. Оның командаласы Даики Нишизаки екінші орынға тұрақтады – 55:34.

 
Бөлісу:
Азия чемпионаты: Қазақстан триатлоншылары екі медаль жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар