Ел тұрғындары референдумда ерекше белсенділік танытып жатыр
<p><strong>Бүгін ел азаматтары таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше белсенділік танытып отыр. Еліміздің барлық өңіріндегі дауыс беру учаскелерінде өз азаматтық борышын өтеуге асыққан тұрғындардың кезегі байқалады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Арнайы дайындық науқаны аясында барлық учаскелер үздіксіз жұмыс істеуге толықтай бейімделген. 15 наурызда барлық учаскелер тура сағат 07:00-де өз жұмысын бастады.
«Ел Дауысы» қорының бақылаушылары сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келді
Тіпті, ресми жұмыс уақыты басталмай жатып-ақ, алғашқылардың бірі болып дауыс бергісі келген азаматтар жинала бастаған. Алғашқы бір сағаттың ішінде бұл үрдіс тіпті күшейіп, қазіргі уақытта республиканың түкпір-түкпіріндегі учаскелерде адамдар легі артып отыр.