Маңғыстауда бір әулеттің келіндері референдумға қатысты
<p><strong>Референдумға Мұнайлы ауданының тұрғындары белсенді қатысып, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасады. Саяси науқаннан шет қалмай, өз дауыстарын бергендердің қатарында «Абысын ажын-2025» республикалық байқауының жеңімпазы атанған мұнайлылық Айым ата әулетінің келіндері де бар, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Абысын-ажын» байқауында топ жарып, өнегелі әулет ретінде танылған келіндер референдум күні дауыс беру учаскесіне ұлттық киіммен келіп, көпшілікке үлгі көрсетті. Олар референдумға қатысу – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі екенін атап өтті.
Референдум мен жәрмеңке бір жерде: Атырауда дауыс беру ерекше форматта өтіп жатыр
Ұлттық дәстүрді дәріптеп жүрген әулет мүшелері бұл жолы да бірлік пен татулықтың, сондай-ақ азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.
Гүлайым Дәуітбай,
Маңғыстау облысы