Референдум: Түркістан облысында туған күн иесі алғаш рет дауыс берді
<p><strong>Аталған облысқа қарасты Арыс қаласына қарасты Қаражантақ елді мекенінің тұрғыны Айкүміс Кәрим 18 жасқа толып, алғаш рет өз таңдауын жасады. Айрықша сәт оның туған күнімен тұспа-тұс келіп, жас азамат үшін есте қаларлық маңызды күнге айналды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, алғаш рет саяси науқанға қатысқан аруға учаске мүшелері символикалық сыйлық табыстап, гүл шоқтарын ұсынып, ізгі тілектерін білдірді. Осылайша, туған күнімен қатар азаматтық қадамын жасаған Айкүміс Кәрим үшін бұл күн жаңа өмір белесінің және қоғам өміріне белсенді араласудың жарқын бастауы болды.
Облыста 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие.