Референдум
1 мин оқу 40
Алматының Наурызбай ауданындағы референдум учаскесіне батырлар келді
<p>Бүгін Наурызбай ауданындағы референдум учаскелерінің біріне батырлардың киімін киген тұрғындар келді. Ұлттық кейіпкерлердің бейнесі дауыс берушілердің назарын бірден аударып, учаскеде ерекше рух қалыптасты, деп жазады <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Тұрғындар келген қонақтармен бірге суретке түсіп, мұндай бейнелер іс-шараға мерекелік көңіл-күй сыйлағанын атап өтті. Қатысушылардың айтуынша, олар осылайша референдумды қолдап, тұрғындардың көңілін көтеріп, маңызды шешімдерді бірге қабылдау дәстүрін еске салуды мақсат еткен.
Олардың айтуынша, ертеден-ақ маңызды мәселені халық ақылдасып шешкен, сондықтан әр адамның атсалысуы үлкен мәнге ие.
Бөлісу: