Референдум
1 мин оқу 20
Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары референдумға белсенді қатысты
<p>Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары референдумға белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Елшілікте дауыс беріп жатқан жастар еліне деген сағынышын ән-күймен жеткізіп, ерекше көңіл-күй сыйлады.
Анкара, Ыстанбұл, Анталия, Измир қалаларындағы референдум учаскесіне 2500-ден аса студент 40-қа жуық қалалардан келіп, Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берді. Жастардың пікірінше, олар Қазақстанның болашағы үшін осындай белсенділік танытып жатыр.
Шетелдік учаскелерде бас қосқан қазақстандықтар осы сәтті пайдаланып, ұлттық ән-күйлерімізді орындап, би билеп, түрлі спорттық жарыстар арқылы еліне деген сағынышын басты.
Бөлісу: