Референдум
1 мин оқу 20

«Социс-А» Еxit poll нәтижесін жариялады: Азаматтардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдаған

<div class="description"> <p data-start="94" data-end="362">&laquo;СОЦИС-А&raquo; Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты &ndash; Астана&raquo; жеке қоры жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум бойынша жүргізілген Еxit poll нәтижелерін жариялады. Сауалнамаға сәйкес, дауыс бергендердің басым бөлігі Конституция жобасын қолдаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p> </div>

«Социс-А» Еxit poll нәтижесін жариялады: Азаматтардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдаған

Институт мәліметінше, дауыс беру учаскелеріндегі қатысу деңгейі 73,8% болды.

Сауалнамаға қатысқан және дауыс берген азаматтардың 87,4% жаңа Конституцияны қабылдауды қолдаған.

Еске салайық, Қазақстанда жаңа Конституция бойынша республикалық референдумдағы дауыс беру сағат 20:00-де аяқталды. Қазіргі уақытта учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті.

Аумақтық комиссиялардың деректеріне сәйкес, елдің барлық өңірінде референдумға 9 126 850 қазақстандық келіп дауыс берген. Алдын ала мәлімет бойынша, референдумдағы жалпы қатысу деңгейі 73,24% болды.

Айта кетейік, бұған дейін Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі жарияланды. Қазақстандықтардың 86,7%-ы референдумда «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Бөлісу:
«Социс-А» Еxit poll нәтижесін жариялады: Азаматтардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар