Жаңалықтар
2 мин оқу 194
Үш үміткер тіркелді
2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, 25 наурызда Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталған еді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды табыс етпеуіне байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Лимана Қойшиеваны, Қанат Сбашұлы Турагелдиевті, Жарылқап Сейдләұлы Қалыбай мен Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметті Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулылар қабылдады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде:
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
- Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовты
- Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты тіркеді.
Бөлісу: