Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-sfc-root="c" data-sfc-cb="" data-hveid="CAEIAxAA" data-complete="true" data-processed="true"><strong>18 наурыз күні республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы автожолының бойында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қайғылы жағдай Балқаш қаласынан Қарағанды бағытына қарай, Ақшатау кентінен шамамен 40 шақырым жерде болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div> <div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-sfc-root="c" data-sfc-cb="" data-hveid="CAEIBBAA" data-complete="true" data-processed="true"> </div>

Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба авторының айтуынша, 30 жастағы жүргізуші тізгінде ұйықтап кеткен болуы мүмкін.
Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты
Қарағанды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алған жарақаттарының салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Мамандар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескеруге және жылдамдықты асырмауға шақырады.