Оқиға
1 мин оқу 30
Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
<p><strong>Сенат Жоғарғы Сот судьясы Ерлан Қосмұратовты қызметінен босатты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Кеңес төрағасының айтуынша, Ерлан Қосмұратов басқа қызметке тағайындалуына байланысты лауазымынан босатылған. Мемлекет басшысының 2026 жылғы 2 наурыздағы Жарлығына сәйкес, ол Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған.
Сенат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдаған.
Айта кетейік, бұған дейін ақпан айында Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін уақытша атқарған Ерболат Ахметжанов қызметінен босатылған.
Сондай-ақ бұған дейін Сенат Жоғарғы Соттың тағы үш судьясын қызметінен босату туралы шешім қабылдаған еді.
Бөлісу: