Президент
1 мин оқу 20

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты

<p>Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан &laquo;Керуен сарай&raquo; кешеніне барды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты

Мемлекет басшысының назарына еліміздің тарихи-мәдени мұрасын паш ететін арнайы бағдарлама ұсынылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыш және ағаш шеберлерінің жұмыстары, тігін мен зергерлік өнер үлгілері, тері бұйымдары, сондай-ақ сан алуан дәстүріміз бен рухани қазынамызды бейнелеген суретшілердің туындылары көрсетілді.

И

Бұдан бөлек, Президент ұлттық спорт ойындарын тамашалады.

Іс-шара барысында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және қошқар көтеру сияқты ойындар ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Наурыз мейрамымен құттықтаған еді.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар