Қоғам
1 мин оқу 40

Қазақстанда жеке хаттарға бақылау жасала ма?

<p>Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Қаржылық мониторинг агенттігі мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі жеке хаттарды толық бақылауға алады деген ақпарат тарады. Алайда <span class="hover:entity-accent entity-underline inline cursor-pointer align-baseline"><span class="whitespace-normal">Қаржылық мониторинг агенттігі</span></span> бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын түсіндірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда жеке хаттарға бақылау жасала ма?

Дезинформацияға қарсы орталықтың мәліметінше, жаңа ережелер тек ашық, яғни баршаға қолжетімді ақпаратты бақылауға қатысты. Бұл – жария жазбалар мен репосттар, әсіресе қаржы пирамидаларын жарнамалау, онлайн-казино мен заңсыз лотереяларды насихаттау сияқты контенттерге бағытталған.

Ал азаматтардың жеке хат-хабарларын бақылау бұл ережелерде мүлдем қарастырылмаған. Сондықтан жеке хаттарға тыңшылық жасалады деген ақпарат – манипуляция және жалған мәлімет.

Референдум: Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр

Бұған дейін агенттік өкілдері заңсыз онлайн-казиноны жарнамалайтын блогерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынған болатын. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидаларына адамдарды тартатын тұлғаларды қатаң жазалау қажеттігін атап өткен.

Бөлісу:
Қазақстанда жеке хаттарға бақылау жасала ма? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар