Шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тартқандар жазаланды
<p><strong>Солтүстік Қазақстан облысында 17-20 наурыз аралығында өткен көші-қон қызметінің «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы төрт күн ішінде шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 14 дерегін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Олардың басым көпшілігі жеке құрылыс нысандарында анықталды. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың болу тәртіптерін бұзудың 132 дерегі тіркелді.
«Жұмысқа орналасуға көмектесемін»: Жетісу облысының тұрғыны танысының атына несие рәсімдеген
Сот шешімімен 10 адам ел аумағынан шығарылды. Сондай-ақ 104 Қазақстан азаматы жауапкершілікке тартылды. Көп жағдайда қабылдаушылар шетелдіктердің келу мерзімі туралы уәкілетті органдарды белгіленген уақытта хабардар етпеген.
Петропавл