Шекарадан заңсыз өтпек болған 18 шетелдік ұсталды
<p>Биыл наурыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қон, контрабанда және есірткі заттарының таралуына қарсы бірқатар шаралар өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтөбе облысында жүк автокөлігінің тіркемесінде өткізу пунктінен жасырын өтуге әрекет жасаған 18 шетел азаматы анықталды.
Солтүстік Қазақстан облысында «синтетикалық есірткілерді» дайындауға арналған 5 100 литр прекурсордың ірі партиясы табылды. Жыл басынан бері жалпы 9 620 литр химиялық заттар («Тұз қышқылы», «Ацетон», «Фениппентан») және 1 000 кг «Бромкетон-4» затының заңсыз тасымалдануының жолы кесілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде осы прекурсорларды алушылар анықталып, есірткі зертханалары жойылды.
Жамбыл облысында шекарашылар шетелге 1 млрд теңге сомасына 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтын бар құм) заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.