Жаңалықтар
1 мин оқу 291

«Ислам мемлекеті» басшысының орынбасары қаза болды

14 05 - terrpr АСТАНА. 14 мамыр. Халықаралық коалицияның Ирактың солтүстігінде жасаған әуе соққыларының нәтижесінде «Ислам мемлекеті» басшысының орынбасары Абу Аля Аль-Афари қаза болды. Бұл туралы lenta.ru хабарлады. «Барлау деректеріне сәйкес, коалиция күштері жүргізген әуе соққыларының мақсаты «Ислам мемлекеті» басшысының орынбасары Абу Аля Аль-Афаридің көзін жою болған», – деп мәлімдеді Ирак қорғаныс министрлігінің өкілі. BBC News хабарлағандай, әуе соққылары жасалып жатқан кезде Аль-Афари Талль-Афар қаласындағы мешітте болған. АҚШ әскерлері мен «Ислам мемлекеті» әзірге оның қаза болғаны жөніндегі хабарды растаған жоқ. Ал Ирак қорғаныс министрлігі Аль-Афаримен бірге тағы ондаған содырдың көзі жойылғанын мәлімдеді. Айдар Өрісбаев. Дерек: lenta.ru. Сурет: ap.org.  
Бөлісу:
«Ислам мемлекеті» басшысының орынбасары қаза болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар